Маммопластика туралы пластикалық хирургке 6 сұрақ

Күтім, қауып-қатер мен отандық оталар туралы

lifestyle
05.10.16, 23:10

Виктор Глоба, Beautymed жастық пен сұлулық клиникасының пластикалық хирургі

Виктор Сергеевич бізге маммопластикаға дайындық барысында қандай нәрселерден қорықпау керектігін айтып берді: 

Қалыптасқан күн тәртібін өзгертуге тура келеді. 

“Ота жасалғаннан кейін бес күн бойы төсектен тұруға болмайды. Одан кейін арнайы ішкиімді киіп, жүйелі түрде байлауларды жасау керек, спортпен шұғылданбау және ауыр заттарды көтермеген жөн. Бірақ бұл нұсқауларды тек бірнеше апта бойы, яғни реабилитация кезінде ғана сақтау керек. Егер еш жеріңіз ауырмаса, екі аптадан кейін спортпен шұғылдануға болады. Ең бастысы, денеңізді тыңдай біліңіз, өзіңізді нашар сезінсеңіз, аз ғана шыдауға тура келеді. Ота жасалғаннан кейін бір ай ішінде толығымен қалыпқа келуге болады, алайда кейбір импланттармен жыныстық қатынасқа түскенде байқау керек. Омырауды ұстамаған жөн. Жеткілікті  уақыт өткеннен кейін парашютпен де секірсеңіз болады.“

Имплант енгізілген омырау тым ұлғайып, созылып кетеді. 

“Әдетте, керісінше болады. Ота жүктілікке дейін жасалса,  бала емізгеннен кейін омырауыңыз бұрынғы қалыпқа тез келеді. Екінші жүктілік пен емізуден кейін сүт бездері пішінін өзгертсе де, қалпын сақтайды және пациентке дәрігердің көмегі керек болмайды. Тек үшінші рет жүкті болғаннан кейін ғана пациенттің емшегі созылып кетудің нәтижесінде жаңа имплант қоюға немесе бар имплантты көтеруге тура келеді.“

Ота нәтижесі жағымсыз болуы мүмкін. 

“Бұл көбінесе импланттардың түріне байланысты. Мысалы, ең қауіпсіз импланттар - ол Motiva. Бұл компания өзінің клиенттерін ота салдарынан болған жағымсыз нәтижеден сақтандырады (кепіл беру бағдарламалары туралы сілтеме бойынша оқуға болады). 

Сүт бездерді үлкейту отасынан кейін кеңінен тараған екі зардап болуы мүмкін: капсулярлық контрактура және кеш серома. Капсулярлық контрактура дегеніміз не? Денеге енгеннен кейін әрбір имплант капсуламен қапталады. Бұл организмды бөтен денені қабылдамаудан  сақтайды. Кейбір кездерде капсула өсе бастайды. Имплантат орналасқан кеңістік кішірейеді және имплантанттың өзі қысылып, тастай қатты болып кетеді. Бұл әрине өте ауыр, сондықтан пациентке қайтадан ота жасау керек болады. Motiva импланттары осындай нәтижені болдырмайды,  өйткені оның сырты наноқабықшамен қапталған, ал бұл капсулярлық контрактураның пайда болуын жоққа шығарады. 

Кейбір зардаптар бірден пайда болмайды. Кеш серомалар ота жасалғаннан кейін 7, 10, 15 жылдан соң қалыптасады. Оның себебі импланттардың сыртқы қабықшасы қажай бастайды, ал Motiva импланттарының сырты наноқабықшамен қапталған, сондықтан да олар қатты қажалмай, ағзаға зардап келтірмейді.” 

Суға түсен киім кисем, омырауымның жасанды екенін бірден білінеді. 

“Егер жақсы импланттар таңдасаңыз, отаға дейін сізді көрмеген адамдар ештеңе байқамайды. Егер дене горизонталды жағдайда омырауыңыз тік тұрса, онда бұл силикон импланттардың болғаны. Осы тесттен тек Motiva импланттары ғана өтеді. Олардың ішіндегі арнайы гель  сіздің денеңізге бейімделеді де, сіз жатқан кезде,  ол да табиғи сүт бездері сияқты басылып қалады.” 

Сүт бездері сезімталдығын жоғалтады. 

“Бұл толығымен отаның қалай жасалғанына байланысты және кейбір пациенттерде бірден байқалмайды, ал кейбіреулерінде бірнеше айға созылады. Кей кездерде маммопластикадан кейін кеуде өте сезімтал болып кетуі мүмкін, тіпті ұстағанда ауыруы мүмкін. Бірақ бұндай әсер уақыт өткен соң жоғалады.”

Шет елдермен салыстырғанда бұндай отаны Қазақстанда нашар жасайды. 

“Әлемнің барлық мамандары ақпаратты тек бір жерден ғана алады - ол Пластикалық хирургтардың халықаралық қоғамы. Біздің дәрігерлеріміздің деңгейі халықаралық мамандардан кем емес, олар жұмысты бастау үшін әуелі қазақстандық диплом алады, ал содан кейін әр жыл сайын шетелдік семинарға, жиналыстар мен съездерге қатысады. Біздер халықаралық қауымдастықтан қалмаймыз, пластикалық хирургиядағы барлық жаңалықтарды шетелдік әріптестермен қатар біліп отырамыз.

Сүт бездерді үлкейту отасының құны әртүрлі елдерде бірдей, өйткені барлығымыз импланттарды бір компаниядан сатып аламыз. Егер де сіз маммопластиканы Қазақстанның бағаларына қарағанда өте арзан жасайтын дәрігерді тапсаңыз, онда ол адам отаны да Қазақстанға қарағанда нашар жасайды деген сөз. 

Егер де сіз маммопластиканы басқа елде жасасаңыз, онда хирургтің көмегі шұғыл керек болған жағдайда сіз оған жүгіне алмайсыз ғой. Мысалы, маммопластикадан екі жыл өткеннен кейін омырауыңызда ісік табылса, онда ота жасаған дәрігерге қаралған жөн, және ол сіздің жаныңыздан бірден табылса ыңғайлы. Сондықтан отаны өз еліңізде жасаған абзал, және сапалы мамандарымыз да жеткілікті.”

Motiva импланттары туралы көбірек білгілеріңіз келсе және омырауды үлкейтудің отасын немесе отаға 70% және 50% жеңілдікті Алматы мен Астана пластикалық хирургтерден ұтып алғыңыз келсе, байқауға қатысыңыз. Ол үшін

1. Motiva-ның фейсбук немесе инстаграм парақшаларына тіркеліңіз.

2. 5 дос қызыңызды белгілеңіз. 

3. Өзіңіздің суретіңізді жіберіңіз  (сүт бездеріңізді киімсіз фас және профильге түсірген жөн) және [email protected] электрондық поштасына жіберіңіз. Фотосуреттеріңізді тек отаны жасайтын хирург қана көреді.  

4. Өзіңіз туралы жазыңыз және маммопластиканың сізге неліктен керек екендігі туралы айтып беріңіз. Өзіңіздің аты-жөніңізді, телефон мен электрондық жәшігіңізді жазыңыз. 

Байқаудың нәтижесі  15 қазанда жарияланады. Тек 18 жасқа толған әйелдер ғана қатыса алады. 

Барлық сұрақтар бойынша  +7 701 550 0127; +7 705 676 51 47.

#ГрудьВпередь #Beautymed

Смотрите также

Подписывайтесь на нашу страницу в facebook
comments powered by HyperComments
Загрузка...